«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

8 наурыз мерекесі қарсаңында "Үздік педагог 2024" иегерлеріне облыс деңгейінде құрмет көрсетілді

12.03.2024

Мектебіміздің үздік педагогы Хасихан Енгилик облыс әкімі Марат Ахметжановтың 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырған мерекелік іс-шарасына қатысты. Құттықтау сөзін ұлы Абайдың “ Білімі сапалы ел ғана бәсекеге қабілетті” сөзімен бастап, білім саласына еңбегі сіңген үздік ұстаздарды, республикалық “ Үздік педагог-2023” сайысының жеңімпаздарын ерекше айтып тоқтала кетті. Ерекше құттықтау мен концерттік нөмермен жалғасқан іс-шара әрбір қатысушыға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Облыс әкімі Марат Ахметжанов сөзінің соңын өз атынан залда отырған әр нәзік жандыларға гүл шоқтарын сыйлаумен аяқтады.

Просмотров: 891


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст