«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

2024 -2025 оқу жылының 1 жартыжылдығында өткізілген құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының есебі

2024 -2025 оқу жылының 1 жартыжылдығында өткізілген қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі уәкілетті органдар жұмысының  есебі

 

 «Балуан Шолақ атындағы мектеп -лицейде тәрбие жұмысы әлеуметтік педагогтың, педагог-психологтың, сынып жетекшілерінің, аға тәлімгердің тікелей қатысуымен және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жетекшілігімен ұйымдастырылған. Мектеп-лицейде тәрбие жұмысы жүйесінің тиімділігін және сапасын көтеру сынды міндеттерді қамти отырып тәрбие жұмысының жоспары, сынып жетекшілердің жұмысының қызметі құрылды. Әлеуметтік педагогтың, тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі құқықтық білімді қалыптастыру және насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Сондықтан құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс құқықтық тәрбие– ерекше бақылауда.

Жаңа оқу жылына әлеуметтік педагог сыныптардың әлеуметтік паспортын, аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасылардың тізімін жасап, мектептің әлеуметтік паспортын әзірлейді. Мектептің әлеуметтік паспортында аз қамтылған, толық емес отбасылардың, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы, өмірлік қиын жағдайдағы отбасылардың саны туралы мәліметтер; әлеуметтік қауіпті жағдайдағы, сондай-ақ мектепішілік бақылауда, қалалық ЮПТ есбінде тұрған оқушылардың деректер банкі бар. Осылайша, әлеуметтік төлқұжат мектептегі әлеуметтік жағдайды талдауға және бағалауға негіз болатын ақпаратты қамтиды. Негізгі мәліметтерді сынып жетекшілері сыныптардың әлеуметтік паспорттары негізінде ұсынады. 2024-2025 оқу жылында  мектеп-лицейінде тізімде аудандық тіркеуде 1 оқушы 24.09.2024 ж қойылды, мектепшілік тіркеуде 1 оқушы. Мектепшілік тіркеуде: 1 оқушы қыркүйек айынан мектеп ережесін орындамағандығы ұсақ тәртіпсіздік үшін тіркеуге алынды. Оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Қыркүйек айында оқушылармен адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде кеңінен түсіндірілді атап айтқанда әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенін құқығын бұзбауы үйретілді. Құқықтық тәрбие беру мақсатында оқушылар өз ойларын таныстырды. 9-11 сынып қыз балаларымен кездесуде «Мен өзімді мақтаймын..» және «Гигиена» туралы әңгіме өткізілді. Сынып жетекшілер «Бала құқығы», «Өз құқығыңды блесің бе?»  тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Балалардың бойында құқықтың сауаттылықты арттыру, заңдарды түсінуге көмектесу және өз құқықтарын қорғай білуге үйрету.

Мектебімізде булингқа қарсы бағдарлама іске асыруда. 1,5,7 сыныптарда сынып сағаттары 20 және 22 сағаттық жаңа бағдарлама бойынша өткізілуде.  Мектебімізде 5 қыркүйек айында ата –аналар жиналысы өткізілді, жиналысқа участкелік инспекторы Жусупов Арслан Арыстанович қатысты. 2024ж 19 қыркүйек күні мектебімізде 7-9 сыныптар арсында Аудандық ІІБ аға лейтенанты Аслан Арыстанович Жусупов, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы полиция майоры Дятлов Александр Валерьевич және полиция майоры Кусаинов Рустем Каирбекович «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»,  «Аудандағы жедел жағдай бойынша ақпарат»  туралы әңгіме өткізді. 2024ж 19 қыркүйек күні мектебімізде 10- 11  сыныптар арсында Аудандық ІІБ аға лейтенанты Аслан Арыстанович Жусупов, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы полиция майоры Дятлов Александр Валерьевич және полиция майоры Кусаинов Рустем Каирбекович «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»,  «Аудандағы жедел жағдай бойынша ақпарат»  туралы әңгіме өткізіді.   2024ж 25 қыркүйек күні мектебімізде   11  сынып оқушылармен және мектеп ұжыммен Аудандық ІІБ аға лейтенанты Аслан Арыстанович Жусупов «Телефон алаяқтық»  туралы әңгіме өткізіді. Әңгіме барысында аға лейтенанты аудынымызда телефон арқылы алаяқтыққа ұшыраған  фактілері бар деп айтып өтті. 2024ж 1 қазан күні мектебімізде   11  сынып оқушылармен және мектеп ұжыммен Аудандық ІІБ аға лейтенанты Аслан Арыстанович Жусупов, Аудандық полиция басшысынын орынбасары Нуржанов Сабыржан Каратаевич «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»  туралы әңгіме өткізіді. Әңгіме барысында   аудынымызда телефон арқылы алаяқтыққа ұшыраған  фактілері бар деп айтып өтті. 2024ж 27 қараша   күні мектебімізде 5- 6  сыныптар арсында Аудандық ІІБ аға лейтенанты Аслан Арыстанович Жусупов, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»,  «Буллинг деген не?»  туралы әңгіме өткізді. Әңгіме барысында білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы айтылды.

Апта сайын мектебімізде 1 және 2 ауысымдарында сап өткізіледі. Сапта кезекші сынып есеп беріп тәртіп бұзған оқушыларды шығарады. Мектебімізде Құқық бұзушылықты алдын алу кеңесі құрылды, осы тоқсан үшінде 4 отырыс өткізілді.                           

Мектеп-лицей психологы Азнабаева Ф.Ф. 1 және 5 сынып оқушыларымен «Адаптация» тақырыбында психологиялық сағат өткізді. Мақсаты: Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезенінде қолдау көрсету. Өйткені, олардың пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады, жаңа сынып жетекшісі болады, оқу бөлмесі өзгеріп, оқу бағдарламасы күрделене түседі. Осының барлығы баланың жан-дүниесіне әртүрлі психологиялық жүк түсіреді де, осы 5-ші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады. Сонымен қатар мектеп-лицей психологы Азнабаева кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті және бейәлеуметтік жүріс-тұрыстардың алдын алу бойынша психологиялық тұрғыдан көмек көрсету мақсатында іс-шаралар өткізді және «Буллинг туралы не білесін?» анкета өткізді. Мақсаты: Баланың бойындағы қорқыныш, үрей түрлерін жеңе білуге, болашаққа сеніммен, үмітпен қарай білуге жағымды психологиялық ықпал жасау.                                                                   Қыркүйек айында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Отбасы апталығына орай сыныптарда ата-аналар өткізілді. Жиналыста балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру мақсатында мектеп психолог ата аналармен   жұмыс жүргізді.

3.2024 жылдың өткен кезеңіндегі кәмілетке толмағандарға қатысты жасалған және кәмілетке толмағандар жасаған қылмыстардың алдын алу бойынша құқық қорғау және уәкілетті органдар қабылдаған шаралардың тиімділігі мен толықтығы туралы.

Қараша айының 11 мен 22 аралығығында мектебімізде «Құқық бұзушылықтың алудын алу» онкүндігі өтілді.Онкүндікте көптеген іс-шаралар өтілді. 11 қараша күні Ашылу салтанаты мектепішілік сапта ашылуы жарияланды. "Бала құқықтары туралы конвенция"стенд жасалынды. 15 қараша күні 5 «В»сыныпта Тилей Мәдениет ағай «Бала құқығы-адам құқығы»  сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп ,өзгенің құқығын  бұзбауға үйрету,құқықтық тәрбие беру.

18 қараша күні 9 «В» сыныпта «Өз құқығыңды блесің бе?» тақырыбында сынып сағатын Тенсел Үміткер өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Балалардың бойында құқықтың сауаттылықты арттыру, заңдарды түсінуге көмектесу және өз құқықтарын қорғай білуге үйрету.

18 қараша күні 7 «А» сыныпта «Бала құқығы» тақырыбында сынып сағатын Устажанова Ляззат Амантаевна өткізді. Сынып сағатының мақсаты:оқушыларды негізгі құқықтар мен бостандықтармен таныстыру, оларды өмірде қолдануға үйрету; оқушының құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру.

22 қараша күні 5 «А» сыныпта Шынуар Назерке «Бала құқығы-адам құқығы»  сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп ,өзгенің құқығын  бұзбауға үйрету,құқықтық тәрбие беру.

13 қараша күні Сурет көрмесін ұйымдастырылды «Кішкентай баланың үлкен құқықтары "(1-4 сынып)арасында. 14 қараша «Заң және құқық тәртібі» кітап көрмесімен Роза сармановна ұйымдастырып, оқушыларды бала құқығы туралы Конвенциямен таныстыра кетті. 15 қараша 5-7 сынып оқушылары арасында «Бала құқықтары жас суретшілер көзімен» плакатқа сурет салу ұйымдастырылды. 18 қараша Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Эссе жазуды ұйымдастырды «Біздің құқықтарымыз және біздің міндеттеріміз» (8-11 сынып)тақырыбында жазды.

19 қараша күні «Өз құқығыңды білесің бе?»тақырыбында  Сауалнама Азнабаева Фарида мен Данял Саулегул 5 – 6 сынып оқушыларынан алды. Мақсаты:Адам құқықтарын сақтау ,өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.

20 қараша күні Полиция учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Жусупов Аслан Арыстанович 5-6 сынып оқушыларына «Қылмыс соңы-жаза» тақырыбында әңгіме өткізді.

21 қараша күні «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында Тенсел Назгүл  дебат өткізді.

22 қараша күні «Өмір сабақтары. Қыз балалардың жеке бас гигиенасы»  тақырыбында 7-11 сынып қыздары қатысуымен мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Оспанова Гульжамиля Ертаевна әңгіме өткізді.

«Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі» «Зорлық – зомбылықсыз 16күн» акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс – шаралар жоспарын 25 қараша-10 желтоқсан аралығында құрып , жоспар бойынша жұмыстар атқардық . Ата-аналао мен оқушылар үшін тақырыптық стендтерді рәсімдеу және жаңарту.Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшаларды тарату. «Бақытты балалық шақ» эссе байқауын (5-6 сынып оқушылар) өткізілді. «Балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу», «Сенім телефоны.Көмекті қалай сұрау керек?» , «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы», «Зорлық-зомбылыққа бірге төтеп берейік!», «Балалық шақ қорғалуда» тақырыптарында 1-11 сынып жетекшілері мен мектеп психологі осы тақырыптарда оқушылармен жұмыстар жүргізді. «Менің құқығым»тақырыбында 9-11 сыныптарда дөңгелек үстел өткізілді. Заңгер,ЮП инспекторлары шақыруымен оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары», «Өкпелеу және қорлаудан чвқ балалар» тақырыптарында әңгіме өткізілді. Мектеп психологтары «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ » тақырыбында оқушылардан сауалнама алды.

27 желтоқсан күні 7 «В» сынып оқушысының үйінде жазатайым оқиға орын алды. Оқушы қазіргі таңда «Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінде» білім алуда. Мектебімізді осы оқиға бойынша мектеп ұжымымен, оқушылармен, ата-аналармен әңгіме жүргізілді. Мектеп әкімшілігі бірлесе осы жанұямен жұмыс жасауға жеке жұмыс жоспарын құрды.Сынып жетекшісі ,әлеуметтік педагог, психолог ,тәрбие ісінің меңгерушісі оқушыларды күнделікті бақылауда. 

Жаңартылған күні: 14.01.2025 23:46
Құрылған күні: 14.01.2025 23:46

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст