«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2024-2025 оқу жылының 1 жартыжылдығы бойынша педагог-психолог жұмысының талдау есебі
Педагог-психолог қызметінің мақсаты:
Жұмыстың негізгі мақсаты білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына білім берудің негізгі әртүрлі кезеңдеріне психологиялық қолдау көрсету, мектеп оқушыларының үйлесімді психикалық және тұлғалық дамуына ықпал ету болды.
Міндеттері:
1. Бейімделу кезеңінде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, мектептегі бейімделудің алдын алу.Оқуда қиындықтары бар оқушыларды анықтау және психологиялық көмек көрсету.
2. Оқушылардың тұлғалық дамуындағы проблемалардың туындауының алдын алу, және шешуге көмектесу. Эмоционалды-ерікті сфераның бұзылуының эмоционалдылық күйзелістің және оқушылардағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алу, және анықтау.
Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау
3. Бейіналды және бейінді сынып оқушыларын психологиялық педагогикалық қолдау.
Сапалық құрам
Санат |
Саны |
*белгіленгенін жерге мектеп немесе ТАӘ жазамыз |
Барлық мектептер |
|
|
Мектептерде құрылған психологиялық қызмет (ПҚ) саны |
1 |
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі |
Педагог-психолог мөлшерлемесі көзделмеген |
0 |
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі |
Қажеттілік |
0 |
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі |
Барлық педагог-психологтар саны |
2 |
|
Соның ішінде: |
- |
|
Магистратура |
- |
|
Педагог-модератор |
- |
|
Педагог-сарапшы |
- |
|
Педагог- зерттеуші |
- |
|
Санаты жоқ |
- |
|
Біліктілік арттыру курстары бар |
|
|
Барлық мөлшерлеме саны |
1 |
|
Қамтылған мөлшерлемелер |
1 |
|
Мөлшерлемелер бойынша бос орындар |
0 |
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі |
Мектептер бойынша бос орындар |
0 |
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі |
Педагог-психологтің жеке кабинеті |
1 |
|
Кіріктірілген кабинет
|
0 |
|
Маман емес |
0 |
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі |
Бағыттар бойынша педагог-психолог қызметінің нәтижесі:
Диагностикалық бағыт:
Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу, жан-жақты толық мүмкіндіктерін ашу. Мектепалды даярлық және 1 сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындығын анықтау мақсатында психодиагностикалық жұмыс бағыты бойынша «Керн-Йирасек» тесті алынып, нәтижесі шығарылып қорытынды жасалынды. Оқушылардың таным процесстері қалыптасып, есте сақтау, қабылдау, зейіні, ойлауы өте жақсы, қиялы, ұшқыр ойы, логикалық ойлауы, сөздерді құрастыруы да өте жақсы дамыған. Балалар мектепке 100% дайын екендігі анықталды. «Мектепте маған не ұнайды?» (Г.Н.Лусканова) сауалнамасы алынды. Балалардың танымдық процестерін зерттеу мақсатында «Не жетпейді?»; «Қисынсызды тап»; «10 сөзді жаттау»; «Не артық?» әдістемелері жүргізілді. 1- сынып оқушыларының мектептке бейімделуін анықтау мақсатында ата- аналардан сауалнама алынды. Бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушылардың орта буынға бейімделуін анықтауға байланысты Н.Г. Лусканова «Мектеп мотивациясын анықтау» сауалнамасы алынып, оқушылардың бейімделуі қалыпты жағдайда екендігі анықталынды. Орта буынға жаңадан келген 5- сынып оқушыларының жеке қасиеттерін анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. 5- сынып оқушыларының қарым-қатынасын анықтау мақсатында «Социометрия» әдістемесі жүргізіліп, сыныпта жалпы психологиялық ахуал жақсы, шеттетілген оқушы болған жоқ. Өзін- өзі бағалауын анықтау мақсатында «Баспалдақ» әдістемесі (В.Г.Щур) тесті алынды. Темперамент типін анықтау мақсатында 1,5- сынып оқушыларымен Айзенк бойынша диагностика жүргізілді.
Әр сынып бойынша оқушылардың жеке психологиялық картасы толтырылды.
Оқушылардың бағдарлы оқыту және болашақ мамандыққа көзқарасын анықтау мақсатында 9,11- сынып оқушыларынан «Құндылық бағдар» әдістемесі М.Рокич; Дж. Холланд кәсіби таңдау сауалнамасы; «Қызығушылық картасы» әдістемесі А.Е. Голомшток; Климовтың қызығушылықтарын бағыттау әдістемесі бойынша кәсіптердің жіктелуін диагностикалау жүргізіліп, қорытындысы шығарылып, оқушыларға болашақ мамандыққа байланысты түрлі тиімді кеңестер берілді. Бейәлеуметтік мінез- құлықтағы балалардың және «тәуекел тобындағы» балаларды диагностикалау бойынша Г.Шмишек мінез акцентуациясы сауалнамасы; «Тұлғаның психологиялық күйін анықтау» сұрақнамасы (Г.Айзенк) 8- сынып оқушыларымен жүргізіліп, нәтижесі шығарылды. 9-11сынып оқушылары арасында жасөспірімдердің өздеріне өзі қол жұмсау мәселесі бойынша «Өмір керемет» атты эссе жазылды.
Қорытынды. Жүргізілген диагностикалық жұмыстарды бағалау, қолда бар техника және өз кәсіби білімі оқушылардың әртүрлі мәселелерін және мектепке бейімділіктерін, бейәлеуметтік мінез- құлықтарын, мазасыздық пен суицидтік мінез- құлықты, құқық бұзушылықты нақты және толық анықтауға мүмкіндік береді деп қорытынды жасауға болады. Дегенмен, болашақта диагностикалық әдістерді диагностикалаудың тиімділігін арттыру үшін толықтырулар қажет.
Түзету-дамыту қызметі.
Оқушылармен психокоррекциялық жұмыс психологиялық түрде дұрыс дамыған балаларға да, сонымен қатар оқу барысында, мінез – құлқында қандай да бір күрделі психологиялық мәселелері байқалатын балаларға да бағытталына алады. Алғашқы жағдайда дамытушы жұмыстың басым қолданылуы, ал екінші жағдайда – түзету (коррекциялық) жұмысының орындалуы жоспарланады. Толық әрі жан – жақты ұйымдастырылған түзетуші – дамытушы жұмыстың негізгі принципі – оқушыға ықпал етудің тұтастығы болып табылады.
Бейімделу кезеңінде қиындықтарға тап болған оқушылармен түзету- дамыту жұмыстары бойынша 1,5,10- сынып оқушыларымен түзету- дамыту жаттығулары, 1- сыныппен «Алақай! Мен- оқушымын», «7 күнде баланың зейінін дамыту» дамыту сабағы. Өтпелі кезеңдегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп, кездесетін психологиялық сәтсіздіктерін болдырмау мақсатында 5- сынып оқушыларымен орта буынға көшуімен байланысты бейімделу бағдарламасы, 10- сыныппен әлеуметтік- психологиялық бейімдеуге арналған тренинг- сабақтар, 5-9 сынып оқушыларымен «Миға арналған кинезиологиялық жаттығулар» өткізілді. Жағымды қарым- қатынас орната отыра өзін- өзі тануға, бағалай білуге, мақсатқа ұмтылуға, өмірлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізіліп отырды.
Қорытынды. Оқушылармен өткізілген топтық дамыту жұмыстары өте табысты деп санауға болады. Сонымен қатар, ол білім, бағдарламалар құрылымы мен әдіснамалық жабдықтардағы кейбір кемшіліктерді анықтады, осылайша даму іс-шараларын одан әрі жетілдіруге арналған негізгі бағыттарды анықтады. Келесі оқу жылында топтық жұмысқа қатысуға ынталандыру, қиындықтарды және олардың себептерін талдау, түзету және дамыту жұмыстарын жандандыру қажет.
Кеңес беру бағыты.
Актуалды мәселелерді шешу бойынша оқушыларға жеке кеңес беру жұмыстары жүргізіліп тұрды. Диагностикалық нәтижелер байынша сынып жетекшілерге кеңес, ұсыныс жұмыстары өткізіліп отырды. 1- сынып мұғалімі мен ата- аналарына «Ата- анаға баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы», «Педагогтерге баланы мектептегі оқуға психологиялық дайындығы», жас мамандарға «Жас маман келсе, іске!», ата- аналарға «Мамандық таңдауда мынадай ережелерді есте сақтаған жөн» кеңес, «Балаларда өзіндік қадірлеу мен жеке адамгершілігін дамытуға қалай көмек көрсету керек?», «Танымдық үдерістерді жаттықтыру» тақырыбында жадынама берілді. 9,11- сынып оқушыларына «Мамандық таңдау- жауапты іс», педагогтерге «Девиантты мінезді балалармен жұмыста педагогтің рөлі», «Үлгермеушілік себептері және оны түзету жолдары» ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда даярлау мақсатында «Тест тапсыру уақытында өзіңді қалай ұстаған жөн», «Есте сақтаудың 7 ережесі», «Ойды қалай дамытамыз?» тақырыптарында психологиялық ұсыныстар мен кеңестер берілді.
№ |
Мұғалім |
Оқушы |
Ата-ана |
Жарты жылдық |
13 |
18 |
8 |
Алдын алу қызметі
Ағартушылық жұмыс:
5-11сыныптармен «Буллинг және кибербуллинг» дәрісі, және де «Зорлық зомбылыққа қарсымын» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Оқушылармен қарым-қатынас тренингі, «Достықта шекара жоқ», «Қимыл қозғалыс арқылы бейнені тап», «Кім жылдам» тренингтары өткізілді. Бірінші тоқсанда ата-аналар жиналысында «Зорлық зомбылықтың түрлері, және оның бала психологиясына әсері туралы ақпарат беріліп, видео роликтар көрсетілді.
Екінші тоқсанда «Интернет пен компьютердің шырғалаңы. Қауіп шегі тақырыбында ата-аналарға жаднама таратылып, сауалнама өткізілді.
Балалар қауіпсіздігі бойынша ата- аналарға «Қысқы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі» жаднама таратылды.
Қорытынды:
Білім беру мен тәрбие қызметін жүзеге асыру сапалы және табысты деп санауға болады. Сонымен қатар, келесі сұрақтарға назар аудару керек: әдістемелік және ақпараттық жабдықтардың толықтығы, сондай-ақ ақпаратты ұсыну тәсілдерін жетілдіру.
Жылдар |
«Үздікпсихолог» байқауы |
«Үздік психолог кабинеті» байқауы |
Жарияланымдар |
Баяндамалар (аудан, облыс, республика) |
Авторлық жобалар |
Байқау, конференция, вебинар мен семинарларға қатысу |
Ескертпе |
|
ТАӘ |
ТАӘ |
ТАӘ |
ТАӘ |
ТАӘ |
ТАӘ |
ТАӘ |
2022-2023 |
|
|
|
|
|
|
|
2023-2024 |
|
Азнабаева.Ф.Ф Облыстық конкурсының аудандық байқауда 1 орын. |
|
|
|
Азнабаева.Ф.Ф «Кәсіби өсу мектебі» іске асыру шеңберінде «Педагогтардың психоэмоцианалды жағдайын психологиялық сүйемелдеу» атты аудандық семинар. CST «Caregiver Skills Programme for Families of Children with Develomental Disodes» Обучение родителей навыкам ухода за детьми, имеющими задержки развития или отстающими в развитии. «Инклюзивті білім беру мен үйде оқытуды ұйымдастыру және арнайы балалармен жұмыс жасау» тақырыбы бойынша Республикалық тәжірибелік семинар.
|
|
2024-2025 (1 жартыжылдық) |
|
|
|
|
|
Азнакбаева.Ф.Ф Данял.С «Буллингтің, әлеуметтік қауіптердің және суицидтің алдын алу»
|
|