«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

1 тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі

1.Балуан Шолақ атындағы мектеп –лицейі» КММ даярлық - 11 сынып аралығында 623 оқушы оқиды.  

2. Мектепішілік бақылауда 3 оқушы тұр:   Сынып жетекшілер оқушыларды күнделікті бақылауда үстайды. Мектеп психологы жеке жұмыстарын: тренингтер, сауалнамалар, диагностика өткізеді.

Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі құрылды, осы тоқсан бойынша төрт отырыс өткізілді, қаралған сұрақтар: оқушылардың мектепішілік тәртібі, профилактикалық жұмыстар жұргізу туралы.

3. Мектебімізде бір ата-анасымен, екі ата-анасымен, өгей шешесімен бірге тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасынын шыққан оқушылар саңы – 87 ЖБУ актілер жасалынды.

4. Қолайсыз отбасылардан шыққан балалар саңы – 96, бұл оқушылар 64 қаулыға сәйкес санаттар, көпбалалы, жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек алады және тегін тамақпен қамтылған.

 5. 2024-2025 оқу жылында  мектеп-лицейінде тізімде қалалық тіркеуде оқушы жоқ, мектепшілік тіркеуде 3 оқушы. Мектепшілік тіркеуде:2 оқушы қыркүйек айынан, 1 оқушы қазан айынан мектеп ережесін орындамағандығы үшін тіркеуге алынды. Оқушылармен жекеленген жұмыстар жүргізілді: мектеп-лицей әкімшілігі, психолог, мектеп инспекторының қатысуымен профилактикалық кеңес өткізілді. Профилактикалық кеңесте оқушылардың тәртібі, үлгерімі, бос уақыттарын тиімді пайдалануы, үйірмелерге қатысуы қаралды. «Күзгі каникул кезінде балалардың жұмыспен қамтылуын, демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру туралы», «Балалар қауіпсіздігі» тақырыптары бойынша кездесу өткізілді. Кездесу мақсаты: оқушылардың күзгі каникул кезіндегі сақтауға тиіс қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, өз өмірлеріне жауапты болуға, мұқият және сақ жүруге тәрбиелеу. Қыркүйек айында оқушылармен адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде кеңінен түсіндірілді атап айтқанда әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенін құқығын бұзбауы үйретілді. Құқықтық тәрбие беру мақсатында оқушылар өз ойларын таныстырды. 9-11 сынып қыз балаларымен кездесуде «Мен өзімді мақтаймын..» және «Гигиена» туралы әңгіме өткізілді.. Мектебімізде булингқа қарсы бағдарлама іске асыруда. 1,5,7 сыныптарда сынып сағаттары 20 және 22 сағаттық жаңа бағдарлама бойынша өткізілуде. Девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз отбасыларын анықтауға, оларды ішкі істер органдарында есепке алуға және олармен жеке профилактикасы шараларын жүргізу бойынша жұмыстар  «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың және зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында құқық қорғау қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге  участкелік инспекторы Жусупов А.А. және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Дятлов А.В.  оқушылармен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың және оларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ашық әңгіме жүргізді.   Апта сайын мектебімізде 1 және 2 ауысымдарында сап өткізіледі. Сапта кезекші сынып есеп беріп тәртіп бұзған оқушыларды шығарады. Мектебімізде Құқық бұзушылықты алдын алу кеңесі құрылды, осы тоқсан үшінде 4 отырыс өткізілді.                           

Мектеп-лицей психологы Азнабаева Ф.Ф. 1 және 5 сынып оқушыларымен «Адаптация» тақырыбында психологиялық сағат өткізді. Мақсаты: Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезенінде қолдау көрсету. Өйткені, олардың пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады, жаңа сынып жетекшісі болады, оқу бөлмесі өзгеріп, оқу бағдарламасы күрделене түседі. Осының барлығы баланың жан-дүниесіне әртүрлі психологиялық жүк түсіреді де, осы 5-ші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады. Сонымен қатар мектеп-лицей психологы Азнабаева кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті және бейәлеуметтік жүріс-тұрыстардың алдын алу бойынша психологиялық тұрғыдан көмек көрсету мақсатында іс-шаралар өткізді және «Буллинг туралы не білесін?» анкета өткізді. Мақсаты: Баланың бойындағы қорқыныш, үрей түрлерін жеңе білуге, болашаққа сеніммен, үмітпен қарай білуге жағымды психологиялық ықпал жасау.                                                                   Қыркүйек айында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Отбасы апталығына орай сыныптарда ата-аналар өткізілді. Жиналыста балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру мақсатында мектеп психолог ата аналармен   жұмыс жүргізді.

 

                      Мектеп директоры:                      А.Куанышев

                                              ТІЖО:                    Г.Оспанова

Жаңартылған күні: 01.01.1970 06:00
Құрылған күні: 11.12.2024 12:30

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст