«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Балуан Шолақ мектеп- лицейі КММ кітапанасының «Оқуға құштар мектеп»жобасы бойынша 2024-2025 оқу жылындығы ж үргізілген жарты жылдық жұмысының есебі
Оқу жылының басы әдеттегідей оқулық таратумен басталды,оқулықтармен барлық оқушылар толық 100 пайыз қамтылды,қалыс қалған оқушылар жоқ.
Мектеп кітапханасы,бүкіл мектеп жоспары бөлімдері көмегімен,мектеп әкімшілігімен бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді.Кітапхана қазіргі заман талабына сай безендіріліп оқырмандармен әр түрлі көпшілік және мерекелік күндерді атап өту сияқты жұмыстар жүргізіледі.Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша «Оқуға құштар мектеп »жобасы аясында кітапханада қыркүйек,қазан,қараша,желтоқсан айларында жоспар бойынша іс-шаралар өткізіліп отырды.Осы жоспар бойынша іс-шаралар бірінші білім күніне арналған «Қазақстан адал ұрпақ,сапалы білім,табысты ұлт» кітап көрмесінен бастау алды.Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай мектебімізде он күндік өтті, «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» кітап сөрелері қойылды, 3-4 сыныптар арасында «Қазақ тілін үйренеміз»ойын,жұмбақ шешу,жаңылтпаштар айтамыз,онымен бірге бастауыш сыныптарға «Балақайлар,сіздер үшін » кітап сөресі қойылды.Кітапханаға келіп түскен жаңа көркем әдебиеттермен «Жаңа кітаптар» бұрышы ұйымдастырылды.Республика күніне орай «Қазақстан Республикам менің»,«Ұлттық валюта-теңге» 5-6 сыныптар, «Үлкенге құрмет,кішіге ізет» 5-6 сыныптарға әңгімелер өтті. «Мейірім мен зұлымлылық іс –әрекетіміздің басты себептері »7-8 сыныптарда «денсаулық зор байлық» әңгіме видеороликтер 5-8 сыныптар арасында. «Бір ел-бір кітап», «Оқуға құштар мектеп» бойынша Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» 4-5 сыныптара, «Он алты жасар чемпион» 6-7 сыныптар, «READх»жобасы бойынша Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар»,Ж.Аймауытовтың «Ақбілек»,Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармаларынан үзінділер оқылып,оушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында кітап оқуға шақырды.С.Сейфуллиннің 130жылдығына орай 9-10 сыныптар шығармаларымен танысып,еңбектері,өмірбаяны жөнінде призентация асалды.Оқушылардың ұлттық патриоттық сезімін ояту мақсатында ақын, батыр,жыршы М.Өтемісұлының 220ж 5-6 сыныптар арасында кітап көрмесі,видео көрсетілді.Барлық жргізілген жұмыстар,іс –шаралар мектеп сайтына салынып отырды.
Кітапханашы Ембергенова Р.С