«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақпан айының 15- сі күні «Балуан Шолақ атындағы мектеп – лицейі» КММ –де "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" негізінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басшылығымен тірек мектеп мұғалімдеріне арналған көшпелі семинар өтті. Тірек мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік тұрғыдан қолдау және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарда, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетіп шеберлік сыныптар өткізді. Семинар екі пленарлық және практикалық бөліммен жоспарланды.
Пленарлық бөлімде, «НЗМ кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында НЗМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі БешимбаеваҚ.Е. және «Важность внедрения STEMобучения на уроках естественного цикла» тақырыбында инженерлік-техникалық шығармашылық және ақпараттық технологиялардың кеңейтілген зертханасының меңгерушісі Набиева З.А тәжірибелерімен бөліссе, бағдарлама бойынша практикалық бөлімде қазақ тілі мен әдебиеті және география пәндері мұғалімдері, математика пәндері мұғалымдері, ағылшын тілі пәндері мұғалімдер және орыс тілі пәндері мұғалімдері болып 5 секцияда шеберлік сыныптары көрсетілді. Сондай - ақ , жаңа модификацияның биология, химия, физика және робототехника пәндері бойынша зертханалық жұмыстардың жүргізілуі және құралдарымен жұмыс жасау бағыты бойынша мұғалімдер тәжірибе алмасып, жұмыс жасалды.
Айта кетер болса, биыл біздің мектеп «Ауыл мектебі» жобасына еніп, мектептің технико-материалдық базасы толықтай жаңартылды.