«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бүгін Қазақстан халқы 7-мамыр – Отан қорғаушылар күнін атап өтуде. Бұл күні республиканың түкпір-түкпірінде түрлі әскери-патриоттық шаралар өтеді. Мерекенің Қазақстан күнтізбесіндегі рөлі қандай? Аталған күннің тарихы жайлы не білеміз? Осы және өзге де сұрақтардың жауаптарын бүгінгі материалдан біле аласыздар. ҚР Отан қорғаушылар күні қалай атап өтіледі? Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап ел күнтізбесінде жаңа мемлекеттік мерекелер пайда болды. Солардың бірі ел аумағы мен оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери күштердің – Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі болып табылады. Отан қорғаушылар күнінің тарихы жайлы не білеміз? Бұл күн – елдің қауіпсіздігі мен оны қорғауды, сондай-ақ тәуелсіздікке қауіп төнген сәтте кез келген сыртқы агрессиядан қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскери қызметшілер мен тыл қызметкерлеріне арналған. Осыған орай, ел тұрғындары барлық ер-азаматтарды осы атаулы күнмен құттықтайды. Отан қорғаушылар күні - "Қазақстан Республикасының мерекелер туралы" Заңында көрсетілген тоғыз ресми мерекенің қатарына кіретін мемлекеттік мереке. Сонымен бірге атаулы күннің қоғамдық-саяси мәні бар. Бұл күн не себепті 7 мамырда атап өтіледі? Бұл күні 1992 жылы Қазақстан Президенті "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы" Жарлыққа қол қойды. Бүгінде ҚР Отан қорғаушылар күні - мемлекеттік мереке және күнтізбеде ресми түрде демалыс күні ретінде белгіленген. Сондай-ақ мерекенің ресми мәртебесі Қазақстан Республикасының тиісті Заңында бекітілген. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өзінің даму тарихында бірқатар кезеңдерден өтті: 1992 жыл – ҚР Қарулы Күштерінің құрылуы, бірінші қорғаныс министрінің тағайындалуы, әскери ант қабылдау және Шығыс әскери округін құруды бастау. 1993-1998 жж. – мемлекеттік шекара, әскери міндет және қызмет туралы заңдарды қабылдау, әскери доктринаны бекіту, қарулы күштердің түрлерін, шекара қызметін құру. 1999-2002 жж. – реформалар, кадрлық өзгерістер және екінші әскери доктринаны бекіту. 2003-2013 жж. – әскери қуатты күшейту, әскери күштердің негізгі үш түрге көшуінің басталуы, әскерилердің жаңа түрі мен жаңа басқару органдарын құру, жаңа әскери доктрина және жаңа әскери техниканы сатып алу және оны өндіру. 2014-2016 жж. – қорғаныс қуатын күшейту, кадрлық ауыс-түйістер және аумақтық әскерлерді құру. 2017-2020 жж. – ҚР ҚК дамыту стратегиясын кезең-кезеңмен жүзеге асыру. 2021 жылдан бастап ҚР Қарулы Күштері нығая түсуде, сондай-ақ ол түрлі халықаралық жобаларға қатысып, елде бейбітшілігін сақтауға өз үлесін қосып келеді. 2022 жылы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құру туралы" Жарлыққа қол қойылды. Мерекенің маңызы ҚР Отан қорғаушылар күні мемлекеттік деңгейде, түрлі ұжымдар мен отбасында атап өтіледі. Қазақстан әскерінің жоғары мәртебесі арқасында ел әскерінің күш-қуаты берік әрі мемлекет қарулы күштерді нығайту және дамытуға баса мән береді. Қазіргі таңда елде әскери реформа тұжырымдамасы ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік әскери құрылыс бағдарламасы да бар. Әскер қолбасшылары оның құрылымы мен әскерилердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында бірқатар шараларды қолға алуда. Ел үкіметі әскери қауіптсіздікті күшейту саясатын бірнеше бағытта жүргізіп отыр: Ресеймен әскери-саяси альянс. НАТО және әлем елдерімен бірлесе жұмыс жасау. НАТО-ға мүше бірқатар елдер мен Қазақстанмен байланыс орнатқан әріптес елдерді саясат пен қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін біріктірілген Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі (ЕАӘК). "Бейбітшілік үшін серіктестік" екі жақты әскери ынтымақтастық бағдарламасы. Елде әскери қызметтің беделінің артуына бірқатар шаралар қолға алынып, көптеген ер-азаматтар осы салаға көптеп бет бұруда. Бүгінде Отан қорғаушылар күні қазақстандықтар үшін маңызды, айтулы және сүйікті мерекесіне, ал қарулы күштер бейбіт күннің символына айналды. Отан қорғаушылар күнін атап өту ерекшеліктері мен оған қатысты салт-дәстүрлер ҚР Қарулы күштері құрылған күннен бастап, елде жыл сайын мерекеге орай түрлі іс-шаралар өтеді. Қазақстанда Отан қорғаушылар күнін кімдер атап өтеді? Отан қорғаушылар күнін ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымындағы барлық құрылымдар мен мекеме өкілдері атап өтеді. Ресми түрде оның құрамына келесі бөлімшелер кіреді: Әскери басқару органдары. Қарулы күштердің барлық түрлері (құрлықтық, әуе қорғанысы және әскери-теңіз). Әскери-оқу және әскери-ғылыми мекемелер мен ұйымдар. Жұмылдыру кезеңінде қарулы күштер құрамына енетін барлық бөлімшелер. Сонымен бірге бұл күн әскерге қатысы бар әр ер-азаматтың отбасында аталып өтіледі. Десе де Қазақстан халқы бұл айтулы шараға біртіндеп келе бастады. 7 мамырды мереке ретінде атап өту – Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдан басталды. Әскер қатарында жүрген әр азаматтың елі үшін еткен ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайтыны анық. Сол себепті бұл күнді бұрынғы әскери қызметкерлер де, қарулы күштердің ардагерлері де атап өтеді. Айта кетерлігі, әскери қызметкерлердің арасында әйелдер де көп. Қазақстан Республикасының әскері мен армия қатарында мыңдаған әйелдер қызмет етеді. Олар ерлермен бірге өз елі мен жерін қорғауға қашан да дайын.