«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Бүгін береке-бірлік пен ырыс-ынтымақ мерекесі – Көрісу күні

14.03.2023

Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілегін арнайды. Амал мерекесін Наурыздан бөле-жара қарауға болмайды. Ол – Наурыздың алғашқы жаршысы іспеттес. Амалдың негізгі шарты – үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді демеу, жарлыны жарылқау. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге арнайы сәлем беріп, қол алысып, төс қағыстырады. Ақсақалдар «Бір жасың құтты болсын!» деп, жастарға батасын береді. Бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады. Үй иелері келгендерге дәм ұсынып, ақ тілегін жаудырады. Осылайша, Көрісу – бауырмалдықтың, кішіпейілдіктің, қайырымдылықтың мерекесі саналады.
 

Просмотров: 279


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст