«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болды

23.02.2023
  • 2023 жылғы 17 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алан Хамсонмен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге Канада елшілігінің сауда мәселелері және бизнесті дамыту жөніндегі аға кеңесшісі Эдуард Юо қатысты.

 

Тараптар ҚазҰАЗУ мен Канаданың жетекші университеттері, ғылыми орталықтары мен аграрлық сектор кәсіпорындары арасындағы әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.

 

«Канада жер шарының алыс бір бөлігінде болса да, сіздедің аймақпен көптеген ұқсастықтары бар. Мысалы, Канада мен Қазақстанның климатында өте жақындық бар, аумақтары да үлкен. Екі елде де ірі табиғи ресурстар – гидроэнергетика, ауылшаруашылық әлеуеті, пайдалы қазбалар бар. Сондай-ақ, біздің елімізде ауыл шаруашылығына ықпалы зор дамыған ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бар екенін қосқым келеді», — деп атап өтті елші Алан Хамсон.

 

Өз кезегінде университет басшысы Ақылбек Күрішбаев канадалық жетекші жоғары оқу орындары мен компанияларды агрономия, селекция, егіншілік, зооинженерия, ветеринария және ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу саласында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға шақырды.

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст