«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Биыл "Болашақ" бағдарламасында қандай өзгерістер бар

22.02.2023
2023 жылы "Болашақ" бағдарламасына қандай өзгертулер енгізілгені мәлім болды. Өзгерістер іріктеу ашық болуы үшін және үміткерлер үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

“Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ ресми Telegram-каналы биыл енгізілген негізгі жаңалықтарды атады. Олар мынадай:

  • "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 4 лекке бөлінген. Бұл үміткерлерге құжаттарды қабылдау басталар алдында шетелдік жоғары оқу орнынан шақыру алып үлгеруге мүмкіндік береді.
  • Инженерлік-техникалық және медициналық мамандарға арналған жеңілдіктер бекітілді. Енді олар әуелі тілдік дайындықтан өтіп, шетелдік жоғары оқу орнына жеңілдетілген шарттармен түсе алады. Оларға шақырту тапсыру талабы қойылмайды.
  • Үміткерлердің сапасын қамтамасыз ету мақсатында талаптар күшейді. Енді кандидаттардың барлығы шет тілі бойынша сертификат тапсыруға міндетті.

Бағдарлама аясында оқытуды қоса қаржыландыру бекітілді. Шетелдік ЖОО-ның грантын ұтып алған үміткерлердің "Болашақ" шеңберінде қосымша қаржыландыруды алуға мүмкіндігі бар. Мұндай стипендиаттар үшін еңбек өтілі 1 жылға қысқартылды. Атап айтқанда, Республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында еңбек өтілі 5 жылдан 4 жылға, өңірлерде – 3 жылдан 2 жылға қысқартылды.

Просмотров: 279


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст