Оның айтуынша, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми кадрларды – магистранттарды, PhD докторларын даярлауда ерекше ынталанбауының басты себептерінің бірі – грант құны.
"Бүгінде магистратура бойынша гранттардың орташа құны шамамен 380 мың теңге. Ал негізгі басым мамандықтар бойынша бакалавриат грантының құны шамамен - 1 миллион теңге. Әрине, ЖОО-лар ғылыми кадрлармен мықты жұмыс істеуге мүдделі емес. Ал негізгі басым мамандықтар бойынша грант құны шамамен 1 миллион теңге болып отыр. Әрине, жоғары оқу орындары ғылыми кадрлармен мықты жұмыс істеуге мүдделі емес", - деді ол.
Бұл мәселені шешу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура мен докторантураға бөлінетін гранттардың құнын биылдан бастап 2-3 жыл бакалавриаттармен салыстыра отырып 1,5-2 есе көтеруді қолға алмақ.
Саясат Нұрбектің айтуынша, мұндай қадам жоғары оқу орындарының ғылыми кадрлар даярлауға мүдделі болуы үшін жасалып отыр.