«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Менің Қазақстаным» сериясы бойынша ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин туралы «Даланың таза бұлағы» атты кітап жарыққа шықты. Онда мұрағаттық, экспедициялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған көптеген тың тарихи дерек жарияланған. Қостанайда жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. «Даланың таза бұлағы» Кітаптың бұлай аталуы да тегін емес. Тұсау кесер рәсімін ашқан ақын Ақылбек Шаяхмет қазақы ұғымға сия қоймайтын «Дала қоңырауы» деген атаудан алшақтап, халық ағарту ісінің тұңғыш абызын таза бұлаққа теңеу әбден орынды деп біледі. Бұл кітаптың тағы бір ерекшелігі, жаңа технологияға негізделгені. Оқырман ОR код көмегімен деректі фильм, аудио жазбалармен таныса алады. Сондай-ақ бұл кітапта ұлы ағартушыға қатысты көптеген тың деректер жарияланған. Салтанат Өтелбаева, Ы. Алтынсарин музейі директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары: - Еш бір жерде бұрын жарияланбаған мұндағы дерек, осы кітап жазу барысында біз Балқожа бидің суретін таптық. Осы суретті осы кітапқа енгізіп отырмыз. Сондай-ақ Балқожа бидің баласына айтқан ақылы, ол бұрыңғы « үміт еткен көзімнің нұры балам» деген өлеңі бар еді ғой, енді, бұл жерде ерекше басқа бір үлкен, көлемді шығармасы беріліп отыр. РФ, ТРОИЦК Ыбырай Алтынсарин Ырғыз, Николаев, Торғай, Илецк елді мекендерінде мектеп ашқандығы көпке мәлім. Бірақ Ресейдің Троицк қаласында 1879 жылы екі қабатты білім ордасы мен медресе жатақханасын салуға қаржылай қолдау көрсеткендігін біреу білсе, біреу білмейді Ол турасында кезінде америкалық ғалым Хамида Эльгара осы ғимараттардың құрылысына көпес Алтынсарин ақша бөлді деп жазыпты. Зерттеуші ғалымдар оның Ыбырай Алтынсарин екендігіне шүбә келтірмейді. Венера Шакенова, Троицк өлкетану музейінің қызметкері: - Троицк қаласындағы өлкетанушы тарихшы Рауф Гизатуллин оны зерттеп, дәлелдеді. Енді біз Алтынсарин салдырған медресе жатақханасына мемориалды тақта немесе басқа бір белгі орнату ойымызда бар. Бұл Троицк қаласы тарихындағы ерекше оқиға болмақ. Кітап бес мың данамен екі тілде шығарылып отыр. Тарихи деректер сапалы видео, суреттермен кескінделген жинақ кез-келген жасқа түсінікті әрі ұғынықты. Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/571341-ybyraj-altynsarin-turaly-dalany-taza-b-la-y-atty-kitap-zhary-a-shy-ty
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz