«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жаңартылған білім беру бағдарламасының маңыздылығы
«Білік біліп – төрден орын аларсың,
Білік білсең, күшті, берік адамсың.»
Ж.Баласағұн
Бүгінгі таңда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесі басты назарда тұр. Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында дербес мемлекетімізде білімнің маңыздылығы жоғары бағаланып, барынша қолдау көрсетілуде. Әрине, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін еместігі бәріне мәлім.
Мұғалімдерді жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуға дайындау мақсатында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған курстар өтіліп жатыр.
Елімізде орта білім беру мазмұны жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін. Аталмыш міндет орындалу үшін білікті маман «қарулану» қажет.
Жаңартылған білім беру бағдарламасында жүргізілетін жұмыс жүйесі жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы, үлестірме материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталатынын түсінді. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Яғни, «Не үшін?», «Қалай?», «Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей бастайды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы тілдік қызмет дағдыларын дамытуға (тыңдалым, оқылым,жазылым, айтылым) аса назар аударылып отыр. Оқу кезеңінен жазба тілге дейінгі оқытудың бірізділігін жүзеге асыруды көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы қарым-қатынас құрудың маңызын түсіну және сабаққа арналған тілдік мақсаттарды белгілеу көзделген. Курс барысында мұғалімдер теориялық білімдері практикамен ұштаса отырып, білім беру жүйесіне жаңаша көзқарас қалыптасқаны айқын байқалды. Мұғалімдер игерген жаңа мазмұнды бағдарламадан алған әсерімен ой бөліседі.
– Мен үшін бұл курстың маңыздылығы өте жоғары. Курс оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді дәстүрлі әдістемелік жүйемен салыстыруға болмайды. Біз жаңаша сабақ құрылымын жоспарлауды үйреніп жатырмыз.
– Курстан алған білімді болашақта педагогикалық тәжірибемде толық қолданамын. Үйренген белсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігіне көзім жетті. Педагогикалық шеберлігімді ұштайтын мазмұнды әдістермен қаруландым.
Менің оқу үдерісіне жаңаша көзқарасым қалыптасты. Деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілігін арттырған ұстаздар мектептегі оқыту жүйесінде өзгерістер енгізу мақсатында оқу жылында инновациялық технологияны игеру, жасау, ендіру мақсатында біраз сабақ үлгілерін көрсетті. Сабақтардың мазмұны оқу пәндері бойынша оқушылардың білімдерін, және дағдыларын кеңейту және тереңдетуге бағытталды. Кері байланыстар мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында, мұғалім мен мұғалім арасында жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар мектептегі оқыту мен оқу сапасын көтеріп, білім саласына көптеген өзгерістер әкелді.
Жаңа білім беру стандартына сәйкес, балалар білімді қай жерден іздеу керек екенін, сыни тұрғыдан ойлауға, ұжымда жұмыс істеуге үйретіледі. Ұстаздар өз кезегінде олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыруға дағдыландырады. Үйреніп жатқан әдістер оқушылардың ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізетініне көзім жетті. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетін курстың берері көп.
Ертеңінен үміт күткен Мәңгілік еліміздің ұрпағы білімді, білікті болу үшін нақты жоспар, нақты қадам керек. Әр мұғалім әзірленіп жатқан жаңа мазмұнды бағдарламаны игеруі маңызды. Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді», - дегендей, сапалы білім, саналы тәрбие берген қоғамдағы ұстаз қауымының орны ерекше екенін ұмытпай, қоғамның әр мүшесі жан-жақты қолдау көрсетуі қажет деп ойлаймыз.
«Егер саған бір балық берсе, сен бір күн тоқ жүресің, егер саған екі балық берсе, екі күн тоқ жүресін, ал егер сені балық аулауға үйретсе, сен өмір бойы тоқ боласың» деген халық даналығымен аяқтап, біз, мұғалімдер, қауымы оқушыларға өміріне азық болатындай және алған білімдерін өмірде қолдана алатындай білім беруіміз керек.
Бастауыш сынып мұғалімі: Түгел Балнұр Қанатқызы
Рудный қаласы №7 мектеп-гимназиясы