Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
23-23 қараша күні Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы кубогына арналған "Бала би" облыстық шешендік өнер сайысы өтті. Сайысқа аудан атынан мектебізден "Алаш" командасы қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді. Команда құрамындағы 11 сынып оқушысы Маратұлы Мұхамед пен 10 сынып оқушысы Бейбітхан Ертай дипломмен, алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жетекшісі Айтуған Амангелдіні жетістігімен құттықтаймыз. Дарынды, талантты шәкірттер көп болсын!!!