«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Макинск (1997 жылдың қараша айынан Бұланды) ауданы 1935 жылдың қаңтар айында құрылып, орталығы Вознесенка ауылы болған, 1936 жылдың шілде айына дейін Қарағанды облысының, 1939 жылдың күзіне дейін Солтүстік Қазақстан облысының құрамдарына кірген, ал 1939 жылдың қазан айынан Ақмола облысының құрамына енді. Макинск ауданының құрылуы Қазақстанның солтүстігі мен орталығында өндірістік күштерді дамытудың салдары болып табылады.
1939 жылдың қазан айында Макинск ауданының құрамына 14 ауылдық және селолық кеңес кірген, тұрғындар саны 32 210 адамды құраған барлығы 77 елді мекен (75 селолық елді мекен және 2 жұмысшы поселкесі) болды. Қазақтар саны 25,5 пайызды, ал орыстар – 58,5 пайызды құраған болатын.
Шамамен 115 шағын өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс атқарған, оның ішінде 19-ы мемлекеттік және 96-ы колхоздық-кооперативтік.
Ауданда 25 колхоз болған, олар 47 376 га егістік жерге дақылдар еккен, 15 277 бас ірі қара мал, 25 298 бас қой, 3 103 жылқы, 4 118 бас шошқа, 7 түйе ұстады. Колхозға қызмет ету үшін екі МТС –те 153 трактор, 84 комбайн болды. Дәнді дақылдардан әр гектарынан 17 центнерден жоғары өнім алынған.
1942 жылы Тамбы облысы Мичуринск қаласынан Ленин атындағы поршень сақина зауыты Макинка жұмысшы поселкесіне көшіріп әкелінді. Зауыт майданға өнім (миналар, поршень сақиналары және ауыл шаруашылығы саласының мұқтаждығы үшін қосалқы бөлшектер) шығаратын бірден-бір әрекет еткен кәсіпорынға айналды. 1942 жылы барлығы 75 мың поршень сақина шығарылып, тиеп жөнелтілді.
1945 жылдың мамыр айында Макинка жұмысшы поселкесі аудандық бағыныстағы Макинск қаласына өзгертілді. Өндірістік даму мен халық санының өсуіне байланысты 1957 жылдың шілде айында аудан орталығы Вознесенка ауылынан Макинск қаласына көшірілді.