«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Ғылымға бейім балаларды іріктейтін жүйе пайда болады

10.10.2022

Елімізде ғылымға қабілетті балалардың талантын ашуға арналған бағдарлама әзірлеу тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық жоғары мектеп пен ғылымның бірге дамуы мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілегін арттырып, ел экономикасының қарыштап өсуіне ықпал етуі тиіс. Бұл біздің алдымызға қойылған басты міндет. Бұл міндетті іске асыруда біліктілігі жоғары мамандар даярлаудың маңызы үлкен. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, заманауи 4-ші деңгейлі индустрияны дамыту 68% сапалы адами капиталға байланысты. Сонымен қатар 16%-ы инфрақұрылымға және 12%-ы ғана шикізатқа тәуелді», - деді Ералы Тоғжанов «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумында.

Оның айтуынша, Үкімет ел экономикасына қажетті мамандарды даярлау бағытында кешенді шараны іске асырып жатыр.

«Ғылыммен айналысатын кадрларды тиімді молайту үшін ғылыми қызметке бейім балаларды іріктеудің үздіксіз көп деңгейлі жүйесін әзірлеуді тапсырамын. Таланттарды іріктеудің мұндай жүйесі өнер саласында бұрыннан сәтті қолданылып келеді. Болашақ әнші, балет әртістерін, режиссерлерді, музыканттарды баулу орта мектепте басталып, мамандандырылған колледждер мен университеттерде жалғасын табады. Әлеуетті ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыру үшін таланттарды, олардың жұмысын зерттеу қажет», - дейді ол.

Сондай-ақ, Е. Тоғжанов дарынды отандық және шетелден тартылатын ғалымдардың ақпараттық базасын құру қажеттігі туралы айтты.

Бұған дейін биыл СҚО-да түлектердің 64% отандық оқу орындарын таңдағаны туралы хабарлаған едік.

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары білімді қоғам мәдениетін қалыптастыру тұжырымдасын әзірлеуді тапсырды.

Одан бөлек, Қазақстанда халықаралық деңгейдегі педагог мамандар даярланатыны айтылды.

Просмотров: 330


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст