«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасы аясында Ақтөбеде жастар марафоны өтті. Шара еліміздің бес өңірінен келген 3 мың жастың басын қосты. Олар-түрлі салада қызмет етіп, жетістікке жеткендер. Ақтөбеде алғаш рет ұйымдастырылған форумның мақсаты-дарынды жастарға қолдау көрсетіп, өзара тәжірибе алмасу. Жігерлі, талантты, тың идеяға толы жастар. Форум мықтыларды біріктірді. Олар-білім және ғылым, медицина, спорт, мәдениет пен бизнес саласында үлкен жетістікке жеткен жастар. Барлығы да инновациялық идеяларын ортаға салып, еліміздің дамуына үлес қосуға дайын. "Ел үміті" форумы аясында мемлекет тарапынан жаңа жобаларға қолдау көрсетілмек. Әсіресе ауыл жастарына зор көңіл бөлінеді. Жыл сайын интеллектуалдық турнирлер ұйымдастырылып, мыңдаған бала іріктеу көзделіп отыр. Балалардың әлеуетін анықтап, олимпиада жеңімпаздары мен үлгілі жастарға қаржылай қолдау жасау жоспарда бар. "Ел үміті" марафонына Ақтөбе облысынан қатысқан жас кәсіпкердің бірі Жанна Алтынбаева. Ол Ақтөбе қаласынан 2016 жылы туристерге арнап "Nice hostel" халықаралық стандарттарға сай келетін қонақ үй ашқан. 30 жастағы ақтөбелік бизнесмен АҚШ-та тәжірибе алмасу мақсатында көптеген жерлерде жұмыс жасапты. Бүгін ол форумға арнайы шақырылды. Ақтөбедегі марафон - Елбасының "Ел үміті" бастамасы аясында өткізілген алғашқы шаралардың бірі. Келер жылдары Нұр-Сұлтан мен Алматыда ұйымдастыру жоспарланған. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдап, 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. Қазір елімізде 30 мыңға жуық дарынды бала бар, 100-ден астам мамандандырылған мектептер мен білім беру орталықтары жұмыс істеуде. 11 өңірде республикалық "Дарын"орталығы ашылды. Биыл мыңнан астам бала халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.