«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жаман
әдеттен аулақ бол!» тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушылардың
жаман заттардан аулақ болып, жақсылыққа бейім болуға үйрету, бір-біріне деген
сыйластық, достықты білдірту. Өмірге деген көзқарастарын өзгерту
1.
Психологиялық дайындық
Мен
ақылдымын
Мен жаспын, қандай
әдемімін
Мен ұзақ
өмір сүремін
Менің
қолымнан жақсылық келеді
Мен барлық
туыстарымды жақсы көремін.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік
бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі.
Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық
ахуалын жақсарту.
Шығыстың әйгілі данышпаны
Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды
айтып берейін» деген екен.
2. Жаман әдеттер туралы видеороликтер көрсету
Есірткі
Анашаның Қазақстанда және басқа елдерге
таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы – бұдан 15 жыл бұрын адам баласы
анашаны білген. ХХ-ХХІ ғасырда қатерлі, улы өсімдіктерді аузына салып шайнап
көрген, темекі түрінде тартқан. Анашаны қолданған адам мидағы есте сақтау
қабілеті тежеледі, соның салдарынан адамның тез көріксізденуі. Ағзаның
дамуы тоқталады. Ешқашан, нашаға, шылымға, ішімдікке әуес болмаңдар. Нашақор
адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9-да екен. Бүгінгі
таңда Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлардың саны – 40505, тіркелгені
қаншама. Олардың 1927 кәмелетке толмағандар болса, 4420 әйелдер.
Темекі
Гиспаньола аралында тұратын үндістер мендуанаға ұқсас шөпті жаққанда шыққан
түтінді танауларымен ішіне тартып, содан мас болған. Олар оны табако деп атады.
Темекі Еуропада ерекше тез тарады. 1560 жылы француздың әйел патшасы Екатерина
Медичеге басының сақинасы ұстағанда дәрі-дәрмек ретінде берген.Темекіні осыдан
емді шөп ретінде пайдаланған. Темекі тыныс жолдарын улап, өкпе
аурулары, қатерлі ісік аурулары, нерв ауруларына шалдықтыратын адам ағзасына
зиянды зат. Темекі түтінінде қорғасын мен никотин өте көп. Дүниежүзінде шылым
шегуден жыл сайын 2,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы
қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне
20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100м жүгінгеннен кейін тамырдың
соғуы 120-130 болса, шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруынан
12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80%-ы өкпе ауруына
шалдығады. шылым шеккеннен кейін 2-3 минутта никотин қан арқылы миға жетіп, біраз
уақыттан кейін мидың белсенділігін төмендетеді.Себебі никотин мидағы қан
тамырларын тарылтады да, миға қоректенген заттар мен оттегінін келуін азайтады.
Әсіресе шылым шегуден жасөспірімдердің жүйке-жүйесін тез бұзады. Никотин
өсімдіктен алынатын у. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның
өкпесі 1 литр шамасында смола жинайды екен. Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі
қан айналымы бұзу үшін бір дана темекі жетіп жатыр. Бүкіл дүниежүзінде 1 млрд
адам темекі тартады. Қазақстан Республикасында 3,2 млн, яғни 33% адам темекі
тартады. Соңғы 3-4 жылда темекі тартқандар саны 7,8% төмендеген.
Ішімдік
Арақ 1428 жылы Генуядан келген. І Петрдің тұсында Ресейге арақ келген.
Маскүнемнің қоғамға тигізер зардаптары: адамдық бейнеден кетеді, қоғамда орны
жоқ, тұрмыс жағдайы, ой өрісі төмен.
Арақ ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін созылады
екен.Этиль спирті сырада 5-7%6 шарапта 15-20%, ликер мен коньякта 40-50%-ға
дейін, арақ пен вискиде 60-70% бар екен. Ал этил аса зиянды химиялық қоспа. Арақ
ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь
тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған. Ішімдік адам өмірін
10-15 жылға қысқартады.
- Байырғы Қытай
императорларға маскүнемдікке басұрғандарды өлім жазасына кескен екен.
- Ежелгі римде 30-ға
толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған екен.
- Ресейде І Петр тұсында
арақ ішкен адамдардың мойына 17 фунт келетін медаль тағып қойған.
3. Топтық жұмыс «Суретпен жеткіз»
1 топ
«Темекіден
түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың»
Темекінің
адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.
2 топ
«Есірткіге
жолама,жетелейді молаға»
Есірткінің
адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.
3 топ
«Болар бала
кісілікке үйір,тозар бала ішімдікке үйір»
Ішімдіктің
адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы
4.
Жаман әдеттерге қарсы жарнама: «Сандар сөйлейді»
1. Жылқыны
сеспей қатыру үшін 7 – 8 тамшы никотин жеткілікті.
2. Егер адам
күніне 1 қорап темекі тартса, 1 жылда оның өкпесіне 1 литр шамасында шайыр
(смола) жиналады екен.
3. Ауаның
қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымын бұзу үшін 1 дана темекі жетіп жатыр.
4. Бүкіл
дүние жүзінде 1 млрд – тан астам адам темекі тартады екен.
5. Темекі
зардабынан күніне 10000 немесе 3,5 млн адам қайтыс болады екен.
6. Қазақстан
Республикасында 3,2 млн – дай, яғни 33% адам темекі тартады екен.
7. Жүректің
ишемиялық ауруынан болатын өлімнің 20% қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің
30%, өкпе қатерлі ісігінің 90% темекінің зардабынан болады екен.
8. Ішкен
адамда алкоголь зардабы 21 созылады.
9. Этил
спирті сырада 5 — 7%, шарапта 15 – 20%, ликер мен коньякта 40 – 50% , арақ пен
вискиде 65 — 70% бар екен, ал этил спирті аса зиянды химиялық қоспа.
10. Ішімдік
адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады.
11.
Балаларға 10г. арақ, жасөспірімдерге 40 – 50г арақ қауіпті әсер етіп, өлімге
душар етеді.
12.
Маскүнемдердің балалардың 38% кемтар.
13. Нашаның
0,5 граммы иіскеу үшін, ал тамырға салуға 0,1 граммы сананы улауға жеткілікті.
14.
Нашақорлардың ең төмен жасы 8 – 9 жас
15.
Есірткінің 130- дан астам түрі бар.
16. 2005
жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлардың саны 40505,
тіркелмегені қаншама. Олардың 1927 — сі кәмілетке толмағандар, 4420 – сы
әйелдер.
17. Жылына
елімізде 10 тоннадан астам есірткі тәркіленеді
5. «Ойланайық»
топтық жұмыс
1-топ шылымқорлық.
1.Жастар темекіні тартпау үшін не
істеу керек?
2.Темекіні тастауға болама?
2-топ Ішімдік
1.Ішімдік суықта тондырмайды
дейді.Оның қаншалықты шындығы бар?
2.Ішімдік тамаққа тәбетті
ашып,асқазанның қорытылуына көмектеседі ме?
3-топ Нашақорлық
1.Есірткінің алдында адам
сонша дәрменсіз бе?Неге тез беріледі?
2.Адамның нашақор екенін сыртқы
белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?
6. «Мақалды білеміз бе?»
1. Ауру қалса да, әдет қалмайды.
2. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
3. Тәні саудың — жаны сау.
4. Іздеп алған аурудың емі табылмас.
5. Тазалық – саулық
негізі. Саулық – байлық негізі.
6. Жігіттің дені сау болса –
сол дәулет.
7.
Ауруын жасырған
өледі.
8.
Темекі тартып ерікпе, Өкпеңді алар демікпе.
9.
Темекінің кермегі, Еріккеннің ермегі.
10.
Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста арақ пенен шылымды.
11. Ішпеген
шылым тартпаған, Денсаулықты сақтаған.
12.
Күлкі – денсаулықтың мүлкі.
13.
Маскүнем арақтан
өледі.
14. Шылымды
жерге тастама , Айналаңды ластама.
15. Көзге
түскен қауыз жаман, Шылым шеккен ауыз жаман.
16. Денсаулық – зор байлық.
17. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
18. Шынықсаң – шымыр боласың.
19. Арақ – атаңның асы емес.
20. Емнің алды
– еңбек.
21. Жарлының
байлығы – денінің саулығы.
7. Денің сау болу үшін не істеу керек?
1. Ерте тұру.
2. Орта тазалығын сақтау.
3. Дене шынықтыру.
4. Үнемі денені таза ұстау , ыңғайлы киіну.
5. Үнемі сергек жүру.
6. Артық тамақ ішпеу.
7. Көп ұйықтап жалқау болмау.
Лұқпан хакім ерекше дарынды , зерек болыпты.
Соның қалдырған жеті өсиеті бар екен. Осылардың
барлығы денсаулықты сақтандыру негізі болып табылады.
8.
Ал, енді барлығымыз «Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін
салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен
өрнектейік.
Д-демалу
Е-еңбектену
Н-нашақорлыққа жоламау
С-салауатты өмір
А-алғырлық
У-уайымсыз өмір
Л-лайықты өмір
Ы-ынта
Қ-қозғалыс
9. Қорытынды.
Жылына
елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттар тәркіленеді, оны өздеріңізде көгілдір
экраннан көріп жүрсіздер. Ішімдікке, темекі тартуға, нашақорлыққа әуестенушілер
осы зиянды заттардың адам өміріне, қаншалықты қауіп төңдіретінін біле ме? Аты
жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік, нашақорлық екенін түсінген
болар деп ойлаймын. Құрметті қонақтар қорытынды пікірлеріңізді тыңдайық.
Міне, балалар әр адамның
мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен. Тәлім тәрбие
жолында қажет болса үзіп берер шәірттеріме тілерім толқынға салған арақ,
темекі, нашақорлықтан жас жандарыңызды аулық ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын
жандарыңызға жан серік етіңіздер.
Уақытыңызды бос әуреге
жұмсап, өмірдің қызығын көріп өз еншіңізді алудан.