«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Тәрбие жұмысы бойынша І жартыжылдық есеп

20.02.2017

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейдің  2016-2017 оқу жылындағы 1жарты жылдық бойынша

атқарылған жұмыстар есебі

Қыркүйек айында:

-«Мен өз елімнің

патриотымын» тақырыбында 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.

-Денсаулық күнінде 1-2

сыныптарда «Спортпен шұғылдан,тиімді тамақтан» тақырыбында сынып сағаттары,3-4

сыныптарда «Көңілді старт» ойындары,5-6 сыныптарда эстафеталық жарыстар,7-9

сыныптарда арқан тарту,асық ату т.б ұлттық ойындар,10-11 сыныптарда баскетбол,волейбол,футбол

ойындары өткізілді және 2-4,5-10 сынып оқушыларымен екі ауысымда флешмоб

ұйымдастырылды.

-«Мемлекеттік тіл-менің

тілім» тілдер апталығында мәнерлеп оқу,шығарма,эссе,авторлық өлеңдер байқаулары

өткізілді.

-«Қауіпсіз мектеп»

онкүндігінде 1-8 сыныптарда сынып сағаттары,»Абайлаңыз жаяу жүргінші»

тақырыбында бастауыш сыныптарда практикалық сабақтар өткізіліп,5-8 сыныптарда

сауалнамалар жүргізілді.

-«Өз балаңа үлгі бол»

тақырыбында 1 сынып ата-аналарына арналған конференция өтті.Педагог-психолог ата-аналарға

психологиялық көмек ретінде тренинг өткізді.

-«Отбасы-бақыт мекені»

апталығында «Менің отбасым» эссе, шығарма, «Отбасындағы ата-ана міндеті»

дөңгелек үстел,» «Мен отбасыммен біргемін» сурет салу сайыстары өткізілді.

-«Менің Отаным –

Қазақстан» туристер күніне орай түрлі спорттық іс-шаралар,сайыстар өтті.

-Облыстық «Шаңырақ»

орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Әке – асқар тау» отбасылық сайыста

Озатбектер отбасы 3 орынды иеленді,Алтыбаевтар отбасы алғыс хатпен

марапатталды.

Қазан айында:

-«Ұстаз ұлы тұлға»

тақырыбында мерекелік іс-шара,бастауыш сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.

«Өз ұстазымды құттықтаймын» тақырыбында акция өтті.

-«Қарттарым аман-сау

жүрші» ардагерлерге арналған кеш ұйымдастырылды.

-«Бақытты балалық шаққа

құқық» онкүндігінде 3-4 сыныптарда «Менің бақытты балалық шағым» тақырыбында

топтық жұмыс, «Бақытты болуға құқығым бар» 5-6 сынып оқушыларымен пікірталас

өткізілді.

-«Күз байлығы» 5-7

сыныптарда 1 ауысымда,8-11 сыныптарда 2 ауысымда сайыс,бастауыш сыныптарда

«Сары жапырақтар» тақырыбында түрлі коллекциялар жасаудан байқау өтті.

-«Қазақ тілі-менің

тілім» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен Жайдарлы Жас Ұлан

жайдарман ойындары өткізілді.Мектеп оқушылары облыстық «Тіл тірлігімнің айғағы»

тақырыбында жайдарман ойынына қатысып,алғыс хатпен марапатталды.

-«28 батыр

панфиловшылар» құрылғанына 75 жыл толуына орай ашық сабақтар,сынып сағаттары

және 10-11 сыныптарда әскери сайыстар өтті.

-Аудандық волонтерлар

слетінде экологиялық,патриоттық,салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында

оқушылар 2 орынға ие болды.

-Тәуелсіздіктің 25

жылдығына өткізілген аудандық «Сән театры» жанры бойынша оқушылар қатысып,1

орынды иеленді.

Қараша айында:

-«Зорлық-зомбылықсыз

балалық шақ» апталығында «Біздің отбасымызда бақытты балалар» 1 сынып ата-аналарымен

дөңгелек үстел, «Отбасында зорлық зомбылық жоқ» 4 сыныптарда пікірталас,

«Біздің жанұя» 2-3 сынып оқушыларымен тренинг, «Біз бақытты баламыз» ән сайысы,

«Бала бақыты – ана бақыты» 5-6 сынып ата-аналарымен ток-шоу, «Бақытты бала

жанұяда»сурет сайысы  өткізілді.

-Тәуелсіздіктің 25

жылдығына «Тәуелсіз елдің болашағы біз» авторлық өлеңдер сайысы, «Тәуелсіздік

тұғырым» жайдарман ойындары, «Тәуелсіз елде бақытты балалар» топтық сайыс

өткізілді.

-9 сынып оқушысы Мұхамет

Нұржанат «Жыр алыбы Жамбыл» облыстық жас ақындар сайысында бас жүлдені

иеленіп,дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Желтоқсан айында:

-«Елін сүйген,елі сүйген

Елбасы» Тұңғыш президент күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

-«Елім менің» патриоттық

әндер сайысы, «Патриот толқындары» флешмоб, «Жаса Қазақстан» мәнерлеп оқу

сайысы, «Тәуелсіз Қазақстан» эрудит, «Қазақстан менің болашағым» интеллектуалды

ойын өткізілді. «Өнермен орнектелген Қазақстан», «Бабалар мұрасын сақтаймыз»

оқушылар қолдарымен жасалған бұйымдардан көрме қойылды.

-Барлық сыныптарда біз

жеңіске жетеміз деген ұранмен спорттық сайыстар,ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

-«Бала ақын- жас дарын»

атты облыстық оқушылар айтысында Мұхамет Нұржанат «Көрермен көзайымы»

номинациясымен және бағалы ұялы телефонмен марапатталды.

-«Тәуелсіздікке 25 жыл»

тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен қорытынды кеш өткізілді.

Просмотров: 673

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст