«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

«Алтын белгінің» талабы күшейтілді

11.05.2022

Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойғанын хабарлады. Фото: © Sputnik / Владислав Воднев 15:26 10.05.2022 Инфляция мәселелері күнделікті бақылауда болуы тиіс - Премьер Президент Түркияға мемлекеттік сапармен барды Қытай орбита станциясына Тяньчжоу-4 жүк кемесін ұшырды «Осыған дейін хабарлағанымыздай, бұйрықта «Алтын белгі» төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілді. Естеріңізге сала кетейін, талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданған болатын», - деді министр. Оның атап өтуінше, келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады. Сондай-ақ талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. «Бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды. Бұл ретте НЗМ-де емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындарға да тапсырмалар бірдей болады. Былтыр мектеп бітірушілер рекордтық «Алтын белгі» алды. Кейбіреулері ҰБТ нәтижесі бойынша төмен балл  алды. Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді», - деді Асхат Аймағамбетов. Айтуынша, биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырады. Сондай-ақ белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді. Айтпақшы, нормалар келесі жылдан бастап күшіне енгенімен, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша бұл белгіні берудің объективтілігі бағаланады. «Осыған байланысты мектеп әкімшілігі, білім басқармалары мен бөлімдері қорытынды емтихандарының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір жағдай бойынша ҰБТ нәтижелерінің қорытындыларына талдау жүргізіледі. Бұйрықтың мәтіні ҚР Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін жарияланады», - деді Білім және ғылым министрі.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст