«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік-бағдарлы білім беруді дамытудың тұжырымдамалық негіздері
Мектептің негізгі орта білім деңгейін аяқтаған оқушылар таңдау бағытына қарай жалпы орта білім беру деңгейінде оқуларын жалғастырады. Жалпы орта білім беру оқушының табиғат, қоғам және адам туралыбіртұтас, аяқталған білім жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани- адамгершілік және физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оқушылардың бағдарлы бағыттар шеңберінде өз бетінше білімге деген сұраныстары мен қызығушылықтарын анықтау, сондай-ақ олардың өмір бойы оқуға дайындығын қамтамасыз ету және мамандық таңдауға дайындығы негізінде әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде бейіндік-бағдарлы білім беруге мүмкіндік береді. Бейіндік-бағдарлы білім беру – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуы үшін бейіндік оқыту жүзеге асырылады Бейіндік оқыту – жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында даралап оқытуға, оқушының әлеуметтенуіне, сонымен қатар орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен ынтымақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.