«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Рәміздер күні құтты болсын!

04.06.2021

Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Әрбір елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі мемлекеттер қанша болса , сол мемлекеттердің барлығында бірінен бірін ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын шышан белгілері болады. Оларды рәміздер деп атаймыз.

Қазақстан Республикасының рәміздері?

-Қазақстан Республикасының рәміздері: Елтаңба, Ту , Гимн.

Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Гимні туралы заң қашан қабылданды?

-1992 жылы 4 маусымда.

Міне оқушылар Елбасымыздың Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді.

2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің  Қазақстаным» республикалық жастар  форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: « Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені,бүгінгі мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі»  деген болатын.

  1.  Елтаңбадағы шаңырақ белгісі;

  2. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ белгісі;

  3. Маңдайдағы бес жұлдыз белгісі;

  4. Елтаңбадағы елдің аты – «Қазақстан»;

  5. Елтаңбаның негізгі бояуы – алтын және көгілдір түс;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді.  Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

 

Осынау айтулы мереке міз баршамызға құтты болсын!

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст