«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

22.09.2025

✳️“МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: АДАЛ ӘРІ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ” тақырыбы аясында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті.

✳️Жиынның жалпы мақсаты мектеп пен ата-ананың арасын өзара тығыз байланыстырып, ата-анамен бірлесе отыра оқушылардың жақсы тәрбиемен білім алуына жәрдемдесу.

✳️Жиынға мектеп әкімшілігі, жергілікті учаскелік полиция қызметкері, қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.

✳️Жиын барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігі, мектептің ішкі тәртібі, мектеп формасы, мектепке жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары секілді сұрақтар қарастырылды.

✳️Мектеп - ол білімнің қайнар көзі. Балаларымыздың жақсы білім алуы үшін саналы тәрбие керек. Осы орайда балаға жақсы тәрбие беретін ата-анадан басқа артық жан жоқ. Ендеше, құрметті ата-ана: сіз бен біз болып жақсы білім мен саналы тәрбие беруге бірге ат салысайық.

https://www.instagram.com/reel/DOxQs7DgsMf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Просмотров: 1397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст