«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

✍️Білім күні құтты болсын!

01.09.2025

✳️2025-2026 оқу жылы Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей үшін жағымды жаңалықтармен басталды. Білім ордасына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, мектеп жаңа оқу жылына кірісіп кетті.

✳️Осындай айтулы күні мектебімізге Бұланды ауданының әкімі Смайлов Ардақ Дулатұлы келіп білім күнімен құттықтап, өз лебізін білдірді.

✳️Жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 62 оқушы мектеп табалдырығын аттаса, 11 сынып бітіруші түлектер саны 25. Мектепке жаңа қадам басқан бүлдіршіндердің қадамы құтты болсын, ал мектептен түлеп ұшқалы тұрған 11 сынып оқушыларына жолдарың ашық болсын дейміз.

https://www.instagram.com/reel/DODRa7wDf9v/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

✳️Былтырғы оқу жылы ұмытылмас сәттермен жеңісті, жемісті күндерге толы болды. Жаңа оқу жылымыз сондай толағай табыстарға толы жыл болсын демекпіз.

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст