«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2025 жылдың 16 мамырында, Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жас құтқарушы – 2025» аудандық слёті өткізілді. Іс-шараға аудан мектептерінен жиналған оқушылар қатысып, жоғары дайындықтарын, тапқырлықтарын, ептіліктерін және командамен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.
Оқушылар алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерді эвакуациялау, кедергілер жолағынан өту, сондай-ақ өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша интеллектуалдық сайыстар секілді оқу-жаттығу кезеңдерінен ынтамен өтті. Бұл сынақтар оқушылар үшін білімдерін, ұйымшылдықтарын және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет етуге дайындықтарын көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, оларға дипломдар, грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды. Слёт жас ұрпақтың бойында жауапкершілік, өзара көмек пен көмек көрсетуге дайын болу сынды құндылықтарды тәрбиелейтін пайдалы әрі жарқын оқиғаға айналды.
“Жас құтқарушы” сайысына қатысып жүлделі 1 орын иеленіп облыстық сайысқа жолдама алды.
Тренеры Искаков Қ.Қ.
Құтты болсын! Алдағы сайыста сәттілік!!