«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Халықаралық Fibonacci Robot International Olympiad 2025 Республикалық кезеңі

17.03.2025

✳️Астана қаласында наурыздың 15-16 аралығында Халықаралық Fibonacci Robot International Olympiad 2025 Республикалық кезеңі болып өтті.

✳️Бұл сайысқа Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейдің Robo Baluan командасы LEGO Line Follower санатында 1-4 және 5-8 сынып, LEGO Sumo санатында 5-8 сынып, FootBot LEGO League санатында 5-8 сыныптар бойынша қатысып, өз бақтарын сынады.

✳️Жарыс қорытындысы бойынша Robo Baluan командасы LEGO Line Follower санатында 1-4 сынып арасынан оқушымыз Бегзан Абдурахман жүлделі 2 орынды иеленіп. Сәуір айында Турцияда өтетін Халықаралық турнирде Ел намысын қорғайтын болады.
Тренер: Бегзан Байсултанбек

✳️Жалпы бұл робот олимпиадасына еліміздің түкпір-түкпірінен 650 команда, 2000 қатысушы әр түрлі категория бойынша бақ сынады.

✳️Осындай ауқымды деңгейде өткізген @azgroup.kz ұйымдастыру алқасына, балалардың үлкен додаға қатысуына үлес қосқан ата-аналарға, өз қабілетін сарп еткен шәкірттерге алғыс айтамыз.

Просмотров: 932


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст