«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының 

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Цифрлық білім: заманауи мектепке арналған инновациялық технологиялар» атты қазіргі заманғы білім беру ақпараттық технологияларының көрмесі

10.12.2024

Отандық білім саласы алдына қойылан басым бағыттарының бірі - бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, сапалы білімді ұрпақты мектеп қабырасынан бастап калыптастыру. Осы тұрғыда білім саласында қолданылатын заманауи технологиялардың әсері орасан зор екені айқын.

Көкшетаудаты Bolashaq Saraiy-нда Ақмола облысы білім басқармасы Цифрлық білім: заманауи мектепке арналған инновациялық технологиялар» атты қазіргі заманғы білім беру ақпараттық технологияларының көрмесін ұйымдастырды. Көрме барысында қатысушылар: озық білім беру платформаларымен, қосымшаларымен жене оқыту кұралдарымен танысуға; білім беру процесіне технологияларды енгізудің табысты тәжірибелерімен бөлісетін шеберлік сабақтарына қатысута, өңір мектептерінде цифрлық шешімдерді тимді пайдалану мысалдарын зерттуіне зор мүмкіндік алды. Сонымен қатар, биылғы жылы цифрлық білім бойынша халықаралық дәрежедегі жобаларға қатысып, жетістіктерге жеткен ұстаздар меноқушыларға құрмет керсетіліп, марапаттар тапсырылды.
Сондай марапаттың бірі мектебіміздің информатика және робототехника пәні мұғалімі Бегзан Байсултанбек дарынды оқушыларды дайындаган еңбегі үшін Ақмола облысы білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен жене ақшалай сертификатпен, оқушылар Зандыбай Расул мен Шайзан Рауан ақшалай сертификаттармен марапатталды. Биылғы жылы ұстазымыздың басшылығымен оқушылар Туркияда өткен «Robotex Turkey 2024» роботехника бойынша Халықаралық турнирге қатысып, үздік бестікке еніп, әділ қазылардың арнайы жүлдесімен марапатталған еді.

Ұстазымызды жоғары марапатымен кұттыктап, жаңа жетіктіктер тілейміз!

Просмотров: 1309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз Әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі
Текст