«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ 2024 - 2025 ОҚУ ЖЫЛЫ
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Г.Е.Оспанова
2024-2025 оқу жылы
(1 жартыжылдық)
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру және тәрбие жұмысынына кіріктіру алгоритмімен таныстыру мақсатында 2024-2025 оқу жылының алғашқы сынып жетекшілер отырысы өткізілді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы негізінде бірінші қыркүйек Білім күніне орай «Менің отаным -Қазақстан» атты сынып сағаттары өткізілді.
1 қыркүйек білім күніне арналған 1 және 11 сыныптарға салтанатты іс-шара және сынып сағаттары өткізілді. Салтанатты жиынға қонақтар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Мектебіміздің директоры А.Е.Куанышев қонақтарды, мұғалімдерді, оқушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылына сәтті қадам тіледі. 2 қыркүйек күні 2-10 сынып аралығында біріңғай сынып сағаттары өткізілді.
«Отбасы онкүндігі» республикалық акциясы аясында мектебімізде іс шаралар жоспары бекітілді. Жоспар бойынша мектебімізде 1-11 сыныптар арасында «Отбасым –бақыт мекені» сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар отбасы құндылықтары туралы мәліметтерін толықтырып, адамдар арасында мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық туралы айтылды. 5 қыркүйек күні 8-11 сыныптар арасында «Тұрар Рыскулов –тарихи тұлға» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
5 қыркүйек күні «Балуан Шолақ ат. Мектеп –лицейі» КММ-де «Тәрбие отбасынан басталады» атты жалпы ата - аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс шағын концерттен басталды, мектеп туралы мәліметпен Нурмуканова Т.К.- директордың ОІЖО таныстырды. Бұланды ауданы бойынша Санитарлық эпидемиологиялық станциясының басшысы Мухамеджанова Даметкен Ибрашевна және аудандық педиатры Сымбат Бөлтірікқызы папилома вирусы туралы ақпарат берді. Психологтар Азнабаева Ф.Ф., Алдабергенова Э.Х психологиялық тренингті.өткізді. Учаскелік инспекторы Жусупов А.А. ата-аналардың назарын құқық бұзушылыққа, ЖЖЕ-не, техникалық қәуіпсіздікке аударды. Бекебаева Г.М. және Алдабергенова Э.М. ата-аналарға «КIVA» проект бойынша ақпарат берді. Мектеп формасы, мектеп ішкі тәртібі туралы, әлеуметтік жағдайы бойынша директордың ТЖО Оспанова Г.Е. айтып өтті. 6 қыркүйек күні “Балуан Шолақ ат.мектеп -лицейі” КММ Отбасы апталығына орай дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастырған спорттық іс шара өткізілді. Мақсаты: оқушылар мен ата -аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлығы екенін түсіндіру. “Балуан Шолақ ат. мектеп -лицейі”КММ-де “Тіл орталығы” ұйымдастырумен жерлесімізге, қазақ халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы,күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны Балуан Шолақтын 160 жылдығына арналған шығармашылық іс шара өткізілді. Іс шараға Балуан Шолақтың немересі Шолақов Ш.К., аудандық басшылығы, облыстық және аудандық маслихат депутаттары, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. ‘Отан - отбасынан басталады” демекші,отбасы - бұл өмірдегі ең басты құндылық.Баланың нағыз тұлға болып қалыптасуына отбасының қолдауының маңызы орасан зор,Сондықтан отбасы айлығына байланысты мектебімізде көптеген іс - шаралар жүрілуде.Соның бір айғағы 8-10 сынып оқушылары “ Менің отбасым “ тақырыбында эссе жазды. Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде модельдік аудандық кітапхананың базасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіңде Бұланды ауданында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған “Бұланды ауданының ішкі саясат бөлімі “ММ және “Женский луч” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен “Отбасы сайысы” өткізілді. “Балуан Шолақ атындағы мектеп -лицейі” КММ-нен Мұратовтар отбасы қатысып 1 Дәрежелі дипломмен және сыйлықпен марапатталды Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде модельдік аудандық кітапхананың базасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіңде Бұланды ауданында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған “Бұланды ауданының ішкі саясат бөлімі “ММ және “Женский луч” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен “Отбасы сайысы” өткізілді. “Балуан Шолақ атындағы мектеп -лицейі” КММ-нен Мұратовтар отбасы қатысып 1 Дәрежелі дипломмен және сыйлықпен марапатталдыАғымдағы жылдың 10 қыркүйегінде модельдік аудандық кітапхананың базасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіңде Бұланды ауданында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған “Бұланды ауданының ішкі саясат бөлімі “ММ және “Женский луч” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен “Отбасы сайысы” өткізілді. “Балуан Шолақ атындағы мектеп -лицейі” КММ-нен Мұратовтар отбасы қатысып 1 Дәрежелі дипломмен және сыйлықпен марапатталды.
1-2 сыныптар арасында «Менің Отбасым» сурет көрмесі өткізілді, 3-4 сыныптар арасында «Отбасы –бақыт мекені», «Мен ана, әкемнің көмекшісімін» бейнеролик түсіріліп Instagramm желісіне жарияланды. Апта сайын «Әншуақ2024» TikTok желісіне жарияланады. 2-11 сыныптар арасында аудандық стадионда «Денсаулық күні» өткізілді.
Полиция қызметкерлерінің оқушылармен профилактикалық жұмыстарын өткізу барысы. Ең басты мақсат кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізу үшін құқықтық негіздерді мектеп жағдайында қалыптастыру. Кәмелетке толмағандардың заңға мойын ұсынушылық мінез құлқын қалыптастыру, олардың бойында имандылық пен салауатты өмір салтының негіздерін дамыту бағытындағы негізгі шараларды жүзеге асыру.
Қамқорлық кеңесінің отырысында жылдық жоспар құрылды.
Мектебімізде іс-шара жоспарына сәйкес «Дублер күні» өткізілді.
Мақсаты: Мектептегі өзін –өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
«Дублер күнін» өткізу туралы бұйрығын шығарылып, бастамашыл топ құрылды. Мектеп директорының дублері лауазымына кандидатура ұсынылып,
тағайындалды. Мектеп парламентінің бастамашыл топ ұжымына Дублер күнінің штаттық кестесі таныстырылды. «Ұстаз! Сіздің алдыңда...» алдыңда атты құттықтау челлендіжі ұйымдастырылып, әлеуметтік желіге салынды. Сонымен бірге, ардагер ұстаздарды құттықтап, желіге орналастырылды. Қабырға газеттері шығарылып, оқушылар ұстаздарға ыстық ықыласын жеткізді. Мектеп қабырғаларын безендіріп, ұстаздарға арналған салтанатты жиынды мектеп парламентінің мүшелері жүргізіп, баяндама оқылды.
Әр пән бойынша оқушыларға әдістемелік көмек көрсетілді. Нұсқау беріліп, жиын өтті. Оқушылар өз бейімдеріне орай, пән мұғалімдерінің қызметін бөліп алысты. Екі ауысымда да сабақ өткізіп, оқушылармен тығыз байланыста болды. Сабақ соңында оқушылардан сауалнама алынып, сауалнама нәтижесі бойынша бастамашыл топтың сабақ беруі оқушылардың көңілінен шыққаны белгілі болды. Осы күні мұғалімдерге арнап оқушылар мерекелік концерт ұйымдастырды.
Бекелі әрі мерекелі күз айларында аталып өтетін ертеғгілік және кештердің бірі «Алтын күз» мерекесі. Күз мезгілінде сап-сары алтындай күйге енетін табиғат көркі, пісіп- жетілген жемістер адам жанына берер жылуы мол. Күз табиғаттың әр түске боялатын мезгілі.
Мектебімізде берекелі күзге арналған 1-4 сыныптар арасында ертеңгілік және 5-6 сыныптар арасында және 7-11 сыныптары арасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар мерекені сайыс түрінде өткізді. Бастауыш сыныптарда параллель бойынша төрт ағын бойынша өтті, ертегілер, сайстар, ойындар, викториналар. Ортаңғы буында
1.Ең үздік “Күз ханшайымы мен ханзадасының биі”
2.Ең үздік “Өнерлі озар...”
3.Ең үздік “Күзгі костюм”
Жоғары буында Күзгі мереке «Хэллоин» стилінде өтті. Мерекелік іс-шараға әділ-қазылар және қонақтар қатысты. Әділқазы алқасы әділ бағасын беріп, әрбір кезеңге түсініктеме беріп отырды. Жалпы кеш жоғары деңгейде болып, қызықты әрі есте қаларлықтай әсер қалдырды. Сайыскерлердің бәрі мақтау қағазымен, грамоталармен марапатталды. Кешке жауапты ұстаздар өздерінің жауапкершік қабілеттері мол екендігін көрсетті. Кеш мақсаты оқушылардың әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысуы, біліммен қатар өнерді бірге алып жүруге дағдыландыру, уақыттарын көңілді өткізу. Іс шара аяқталған соң оқушыларға би кеші ұйымдастырылды.
Өзін - өзі басқару ұйымы - оқушылардың бастамасы, тәуелсіздігі, шығармашылығы, өз өмірін жақсарту, жауапкершілік сезімі, өзара көмек және оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттеріне негізделген мектеп ұжымының өмірін басқару. Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау оқушының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді. Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізілді. Біздің мектебімізде Өзін өзі басқару Президентін сайлау өткізілді.
Сайлаудын нәтіжесі бойынша мектептін Өзін өзі басқару ұйымының Президенті болып 9В сынып оқушысы Бақытбекқызы Фариза тағайындалды
Еріктілер қозғалысы . 25 қазан күні елімізде Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне мектебімізде спорттық және әлеуметтік іс-шара өткізілді. Бұл күндері білім беру ұйымдарында сынып сағаттар, дөңгелек үстел, пікірталас турнирі, сурет көрмесі, челлендж, эссе байқауы және мерекелік концерт өткізілді
2024ж 26 қараша күні 6В сыныбында «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 6В сынып оқушылары және пән мұғалімдері қатысты. Күн тәртібінде: 6в сынып оқушыларының тәртібі.
2024жылғы 27 қараша күні мектебімізде 5- 6 сыныптар арсында Аудандық ІІБ аға лейтенанты Аслан Арыстанович Жусупов, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Буллинг деген не?» туралы әңгіме өткізді. Әңгіме барысында білім алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы айтылды.
Өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектепішілік 7-10 сыныптар арасында «Жайдарман 2024» сайысы өтті.
Жайдарманның ең негізгі мақсаты:
Мемлекеттік тілді КВН қозғалысын өркендету. Қазақ тілін кеңінен қолдану өрісін көркейте түсуге және де беделін арттыруға үлес қосу;
Оқушылардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру;
Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
Жастар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
Танымдық жұмыстарды ынталандыру;
Жастар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру;
Бүгін мектебімізде ТЖ аға инспекторы Есетов Санат Қанатұлы мен Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы, аға лейтенанты Дауылбаев Ильяс Санатұлы 9-11 сынып оқушылармен кездесі өткізді. Өткізу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Габділлин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге үміткерлерге арналған шарттары туралы айтып өтті. Өрт қауәпсіздігі және Жаңа жылдық мерекелер кезінде пиротехника қолдану туралы.
Облыстық «Жастар»» спартакиадасы бағдарламасындағы «Ұлттық мектеп лигасы» аясында волейболдан 9-11 сынып ұлдар арасында өткен, төрт күнде жалғасқан жарыста 2 орын иеленді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 0-4 сыныптар арасында ұйымдастырылған сурет көрмесі
Спорттық секциялар
|
Үйірменің атауы |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
Өткізетін мұғалімдер |
Оқушылар саңы |
1 |
Волейбол |
|
19-00-21-00 |
|
19-00-20-00 |
|
Бугай Бейбитхан |
21 оқушы |
2 |
Баскетбол |
|
|
19-00-21-00 |
|
|
Куаш Бекболат |
19 оқушы |
3 |
Футбол |
19-00- 21-00 |
|
|
|
|
Искаков .К.К |
22 оқушы |
4 |
Шахмат |
|
15-00-16-00 |
|
|
|
Бугай Бейбитхан |
18 оқушы |
5 |
Тоғызқұмалақ |
|
|
|
15-00-16-00 |
|
Куаш.Б |
13 оқушы |
6 |
Үстел теннисі |
|
19-00-21-00 |
|
19-00-20-00 |
|
Жамантаев.В.К |
23 оқушы |
7 |
Белбеу күрес |
|
|
|
|
19-00- 21-00 |
Хайрат Айдын |
23 оқушы |
Оқуға құштар мектеп” жобасы білім алушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.
Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды.
Оқушының әдеби салада қандай құзыреті болуы керек?
1. Жалпы мәдени-әдеби құзыреттілік - ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде әдебиетті қабылдау.
2. Әлемдік құндылықтар құзыреттілігі - әдебиетте бейнеленген осы құндылықтарға деген көзқарастарын анықтау және нақтылау мүмкіндігі құндылықтарды түсіну.
3. Оқырман құзыреттілігі - шығармашылық, «автор-оқырман» диалогына қосыла білуі, кейіпкерлермен толғана білу, көркем туындысының тіл ерекшеліктерін түсіну.
4. Сөйлеу құзіреттілігі - қазақ әдеби тілінің нормаларын білу; сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгеру.
5. Әртүрлі жанрда әдеби шығармашылық жұмыстар жаза білу қабілеті.
Кәсіптік бағдар беру аясында Көкшетау қаласындағы Шоқан Уалиханов атындағы үниверситетінің қабылдау комисияның әдіскері А.М.Сейдахметов және университет мұғалімдері Н.А. Байкенов, Б.Н. Рахметжанов, А.Б.Хатдуллин 11 сынып оқушылармен мамандықтар бойынша әңгіме өткізіп, университет туралы бейнеролик көрсетіп, оқуға түсу шарттармен таңыстырды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай сынып сағаттар өткізілді, сурет сайысына қатысқан оқушылар дипломдармен марапатталды.
13 желтоқсан күні Тәуелсіз күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылдың 16 желтоқсанында атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды. Биыл рухы асқақ, тұғыры биік мемлекетімізге 33 жыл толып отыр.
Тәуелсіздік күні – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Тарих тұрғысынан қысқа мерзім ішінде халқымыз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсті. Қазақстан Республикасы өзін бейбітшіл әрі жасампаз ел ретінде әлемге танытты. Ұлт Көшбасшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында «Мәңгілік ел» идеясын Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы ретінде атады.
Осыған орай, еліміздің ең Ұлық мерекесі – 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Спорттық аймақты, аудандық, облыстық сайыстарға қатысу
Жаңа жыл мерекесі кесте бойынша өткізілді, желтоқсан күні сағат 09.00-10.00 ге дейін 0-1 сыныптарғ сағат 10.30-11.30 ға дейін 2 сыныптар, сағат 12.00-13.00 ге дейін 3 сынытпатр, сағат 13.30-14.30 ға дейін 4 сыныптар, 5-7 сыныптар сағат 15.00-16.00ге дейін, сағат 17.00-20.00ге дейін 8-11 сыныптар.
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.